Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

«Өзгерістерді бастан өткеріп жатырмыз»: Қабирханның иесі мәлімдеме жасады

02.05.2024, 17:15

Әйгілі чемпион басқа елге қоныс аударады

«Өзгерістерді бастан өткеріп жатырмыз»: Қабирханның иесі мәлімдеме жасады
Голос народа

Қазақстандық Тілек Мұқанбетқалиевке тиесілі сәйгүлік Қабирхан Дубайдан кетті. Соңғы бірнеше жылдан бері асыл тұқымды ат Біріккен Араб Әмірлігінде болған. 

Дубайда өткен соңғы Әлем кубогінде бақ сынаған Кабирхан мәреге небәрі сегізінші келген еді. Сол кезде жылқы иесі сәйгүлігін қарсыластар қысып жібергенін айтып ақталған болатын.

«Сәлем достар! Ұзақ уақыт байланыста болмағанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз үлкен өзгерістерді бастан өткеріп жатырмыз. Қабирхан БАӘ-ден кетіп, ендi... біздің сүйіктіміз қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?» – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қабирханның қайда баратыны әзірге белгісіз. Сәйгүліктің жанкүйерлері оның АҚШ, Ресей немесе Қазақстанға жол тартатынын болжап отыр.

«АҚШ – ең дұрыс шешім. Оралып, әкесі секілді Дубай кубогін бағындырады деп үміттенеміз», «Ресейге бару керек. Әрі қарай Аслангерей жаттықтырады», «Әдеттегідей сөйлем соңында көп нүкте тұрады. Қазақстанға келіп демалып кеткені дұрыс», «Қазақстанға жақын арада әкелмеңіздер, одан да жүйрік жылқылардың арасында жүргені жақсы», - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Кабирхан 2024 жылдың басында әлемді бағындырды. Оның иесі жылқыны 1 млн долларға сатпай қойғанын айтып отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам