NBA жұлдызы әлемдегі ең бай спортшылардың бірі болып есептеледі
Даңқты баскетболшы, «Лос-Анджелес Лейкерс» клубының форварды Джеймс Леброн өзінің жеке тапсырысымен жасалған Mercedes-Maybach S 680 автокөлігін көрсетті. Ультра-сәнді седан MANUFAKTUR Made to Measure бағдарламасы бойынша әзірленген деп жазды Complex сайты.
Автокөліктің түсі Light Ivory Non-Metallic деп аталады. Салоны қара түсте әзірленіп, бас қоятын жастықтарында және панелінде Лебронның өз логотипі көрініс тапқан.
Баскетболшы Mercedes-Maybach-тан екі автокөлік тапсырыс бергенін айтып отыр. Бұл – біріншісі. Екіншісі жолда келе жатыр деп жазды ол өзінің инстаграм-парақшасында.

