Танымал боксшы Нью-Йорктегі жекпе-жекке парик киіп шыққан

Редактор
02.02.2026, 12:25

Жекпе-жек кезінде Миллердің басындағы паригі ұшып түсті

Видеодан кадр

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джаррелл Миллер отандасы Кингсли Ибемен болған жекпе-жекте жеңіске жетті.

10 раундқа созылған кездесуде Миллер төрешілердің шешімімен (split decision) басым түсті.

Жекпе-жектің екінші раундында Ибенің соққылар сериясынан кейін Миллердің басындағы паригі ұшып түсті. Ал үшінші раунд басталар алдында боксшы паригін трибуна жаққа лақтырып жіберген. Қазір 37 жастағы Миллердің кәсіби мансабында 27 жеңіс, 1 жеңіліс және 2 тең нәтиже бар. Ал 32 жастағы Кингсли Ибенің көрсеткіші – 16 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең ойын.

 

Реклама
Реклама

Материалда: