Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Испания турнирінде сынға түсетін отандық бұрымды боксшылар белгілі болды

02.02.2026, 16:19

Назым Қызайбай бұл жарыстан тыс қалмақ

Испания турнирінде сынға түсетін отандық бұрымды боксшылар белгілі болды
ҰОК

3-8 ақпан аралығында Испанияның Ла-Нусия қаласында өтетін «Boxam Elite» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды.

Аталған құрамға Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай енбеген.

48 келі. Элянур Турганова
51 келі. Рахмина Абдумежитова
54 келі. Сымбат Әлиасқар
57 келі. Виктория Байдукова, Шахназ Исаева
60 келі. Евгения Графеева, Аяжан Ермек
65 келі. Ақнар Ищанова, Әсем Таңатар, Назерке Серік
70 келі. Азиза Исина
80 келі. Гузаль Садықова
+80 келі. Умида Садықова, Панар Сейітханқызы.

Бұған дейін Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова мен ерлер құрамасынан Бибарыс Жексен, Сабыржан Аққалықов, Диас Молжігітов АҚШ-қа жаттығуға аттанған болатын. Ұлттық құраманың өкілдері Колорадо Спрингс жаттығу базасында спортшыларымыз 8 ақпанға дейін шеберлігін шыңдайтын болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам