Жарнама
Жарнама

Александр Усик үш жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтайтын болды

Редактор
Бүгін, 09:10

39 жастағы Усик соңғы рет рингке 2025 жылғы 20 шілдеде Лондонда шыққан.

Әлеуметтік желі

Украиналық боксшы, аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик спорттық мансабын қашан аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.

23 мамыр күні Гизада (Мысыр) Александр Усик аса ауыр салмақтағы WBC титулы үшін нидерландтық Рико Верхувенмен жекпе-жек өткізеді.

«Менде тағы үш жекпе-жек болады. Тыңдаңыздар: біріншісі – Рико, екіншісі – Фабио Уордли мен Дэниел Дюбуа арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы, ал үшінші жекпе-жек – менің досым, “Ашкөз қарын” Тайсон Фьюримен», – деді Усик The Ring басылымына берген сұхбатында.

39 жастағы Усик соңғы рет рингке 2025 жылғы 20 шілдеде Лондонда шыққан. Ол реванш кездесуінде бесінші раундта британдық Дэниел Дюбуады нокаутпен жеңіп, аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын қорғаған болатын.

Кәсіпқой рингте украиналық боксшы 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 15-і нокаутпен аяқталған.

Реклама
Реклама