Сауль Альварес Дэвид Бенавидеспен 55 млн доллар үшін жұдырықтасудан бас тартты

Редактор
23.02.2024, 16:46

Ол мамыр айында рингке оралатынын айтқан болатын

Фото ашық дереккөзден

Мексикалық кәсіпқой боксшы, WBC, WBO, The Ring, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес отандасы Дэвид Бенавидестің (WBC чемпионы) шақыртуынан бас тартты. Бұл туралы спорт журналисі Рикардо Селиса әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Альвареске негізгі гонорардан бөлек көрсетілім сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігін беру де ұсынылған. Алайда, «Канело» бұл ұсыныстан бас тартты.

Еске салайық, Сауль Альварес соңғы рет былтыр 30 қыркүйекте рингке шыққан болатын. Ол кезде мексикалық боксшы америкалық Джермелл Чарлоны 12 раунд нәтижесінде жеңді.

Дэвид Бенавидес болса 28 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 24-і нокаутпен. Ол соңғы рет 25 қарашада Деметриус Андрадемен рингке шығып, оны техникалық нокаутпен жеңді.