Василий Ломаченко нокаутпен жеңіске жетті

Редактор
12.05.2024, 10:57

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді

Toprank

Бүгін Қазақстан уақытымен таңда Австралияның Перт қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте украиналық Василий Ломаченко (17-3, 11 КО) пен австралиялық Джордж Камбосос (21-2, 10 КО) кездесті.

Камбосос осы жекпе-жек үшін IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған белбеуін ортаға қойды. Сонымен қатар бос тұрған IBF тұжырымы бойынша белбеу де тігілді.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Алайда 11-раундта кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Василий Ломаченко қарсыласын нокаутқа жіберді. Сөйтіп, кәсіпқой бокстағы 18-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал  Камбосос карьерасында үшінші рет есе жіберді.

Айта кетейік, Top Rank басшысы Боб Арум бұл кездесудің жеңімпазы америклалық Шакур Стивенсонмен (21-0, 10 КО) жолығатынын айтқан еді.

Материалда: