Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Өтірік айтуға қорықпайды»: өзбек жанкүйерлері Астанадағы Азия чемпионатын қатаң сынады

12.05.2024, 21:28

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында өтті

«Өтірік айтуға қорықпайды»: өзбек жанкүйерлері Астанадағы Азия чемпионатын қатаң сынады
Қазақстан бокс федерациясы

Осы апта Астанада аяқталған бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 24 алтынмен бірінші орын алған еді. Осыған байланысты өзбекстандық жанкүйерлер жарысты ұйымдастыру деңгейін сынап, жекпе-жек нәтижелерінің әділетсіз болғанын айтуда.

Бұл туралы Caravan.kz жазды.

Өзбекстанның жастар құрамасы Құрлық біріншілігінде үшінші орынға табан тіреді. Бұл жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырған. Олар өз пікірлерін әлеуметтік желіде жазып жатыр.

«Алдыңғы жарыстарда кім бірінші орын алғанын айтпайтын еді. Енді бірінші, екінші орындарды айтып мақтанып жатыр», «Астағфируллаһ, қазақтар бірінші орын алдық деп өтірік айтуға қорықпайды», «Кім ұйымдастырса, бірінші орын сол елдікі дейтін бе еді?! Мейлі, құттықтаймыз», «Нәтижеміз өте нашар, сыбайлас жемқорлық боксқа да келгені ме?», «Бұл қандай жарыс? Кезінде өзіміз жеңген спортшылар бізді жеңіп кетті ме?», — деп жазды олар.

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында өтті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам