Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласын жекпе жекке шақырды

Редактор
01.08.2024, 10:11

Әлімханұлы ұзақ уақыт күте алмайтынын мәлімдеді

Instagram/janibek_alimkhanuly

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жекте қорғауы керек еді. Отандасымыз салмақ қуу кезінде есінен танып, жекпе-жек алдында ауруханаға түсіп қалған.  

Ауруханадан шығып, күш жинаған Әлімханұлы енді басқа қарсыласымен жұдырықтасуды көздеп отыр.

Qazaq Style промоутері Боб Арумға рингтен лайықты бәсекелес табу үшін жүгінді. Үміткерлер арасында боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласының есімін атайды.

«Мен күте алмаймын! Бәрін түсіндіңіздер деп ойлаймын. Канело? Чарло? Бенавидес? – деп жазған Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.

Бұл тізімге Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге ниет білдірген англиялық Брэд Полс кірген жоқ.