Өзбек боксшысы әйгілі Кроуфордтан жеңіліп қалды

Редактор
04.08.2024, 10:58

Бәске екі бірдей чемпиондық титул (WBA және WBO) тігілген еді

Getty Images

Кәсіпқой бокстан екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) өзбек боксшысы – WBA титулының иесі Исраил Мадримовты (11-1, 7 KO) жеңіп, екі бірдей чемпиондық титулды беліне байлады.

Бокс кеші Лос-Анджелесте Riyadh Season сериясы аясында өтті. 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болып, төрешілер шешімімен америкалық даңқты боксшы жеңіске жетті, есеп – 116-112, 115-113 және 115-113.

Айта кетейік, 36 жастағы Теренс Кроуфордтың бұл 41-ші жеңісі. Бұған дейін ол мүлдем жеңіліп те, тең ойнап та көрмеген. Кроуфорд жартылай орта және бірінші жартылай орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған. Қазір орта салмақта өнер көрсетіп жүр.

Ал, 29 жастағы Исраил Мадримов болса бірінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы еді. Ол кәсіпқой рингте бірінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейінгі 10 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен.