“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақ боксында Бекет Махмұтов секілді беделді азаматтар болмай тұр – Данияр Елеусінов

04.08.2024, 10:19

Қазақстан бокс федерациясының қазіргі президенті – Шахмұрат Мүтәліп

Қазақ боксында Бекет Махмұтов секілді беделді азаматтар болмай тұр – Данияр Елеусінов
Instagram.com / yeleussinovdaniyar

Париж Олимпиадасында өте сәтсіз өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар қарсыласынан емес, төрешілерден жеңілді дейді Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов. Отандық бокс саласында беделді тұлғалардың болмауынан ұйымдастырушылар тарапынан дәл осындай қиянат жасалып жатқан көрінеді.

Еске салайық, ерлер боксынан Парижге барған жеті боксшының алтауы жеңіліп, тек 80 келідегі Нұрбек Оралбай ғана жартылай финалға шықты.

«Жігіттеріміздің бәрі осал емес, жеңіліп жатқан жоқ, жеңісті бермей жатыр. Өйткені, бұрынғы Бекет Махмұтов секілді беделді ағалар жоқ. Олимпиадада қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсету бәрінің қолынан келе бермейді. Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев секілді боксшылардың ғана қолынан келетін шығар, бірақ олар жүз жылда бір рет дүниеге келеді. Боксшыларымыз жеңілген жоқ. Бізге авторитет жетіспей жатыр», - деді Данияр Елеусінов қазақстандық жанкйүерлерге арнаған видеоүндеуінде.

Алайда, ол «беделі жоқ» деп нақты кімді меңзегені белгісіз. Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті айтты ма, әлде өзге спорт шенеуніктерін айтты ма, жанкүйерлер біле алмады.

Айта кетейік, Бекет Махмұтов Қазақстан бокс федерациясын 1998-2007 жылдар аралығында басқарған. Ол басшы болған кезде бокстан Қазақстан құрамасы екі Олимпиадаға қатысып, үш алтын медаль, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам