Садриддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Редактор
13.12.2024, 10:27

Бұл – оның Америкадағы екінші жекпе-жегі

instagram.com/sadriddin_____soq/

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов (14-0, 12 KO) кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

АҚШ-тың Санта-инез қаласында өтетін Hollywood Fight Nights бокс кешінде Ахмедов америкалық боксшы Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) жұдырықтасады. Турнирді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ұйымдастыруда.

Садриддиннің салмағы қарсыласынан бір келідей ауыр болды – 72,03 кг. Игбокве – 71,21 кг. Ал, орта салмақтың лимиті 160 фунт (72,57 кг) екенін айта кету керек.

Еске салайық, Садриддин Ахмедов ұзақ үзілістен кейін кәсіпқой боксқа оралып, мансабын АҚШ-та жалғастырды. Бұл – оның Америкадағы екінші жекпе-жегі. Бұған дейін қазақ боксшысы Канадада өнер көрсеткен.