ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Иығын өзбек боксшысы тістеп алған Абылайхан Жүсіповке Азия чемпионы атағы берілді

13.12.2024, 09:02

Оны тістеп алған өзбек боксшысы дисквалификация алады

Иығын өзбек боксшысы тістеп алған Абылайхан Жүсіповке Азия чемпионы атағы берілді
Қазақстан бокс федерациясы

Таиландта аяқталған бокстан Азия чемпионатында 71 келі салмақ дәрежесінің финалдық нәтижесі өзгертілді. Бұл сында жеңімпаз болған өзбек Хавасбек Асадуллаев рингте тәртіп бұзғаны үшін жазаланып, чемпиондық атағынан айрылды. Тиісінше, алтын медаль қазақстандық Абылайхан Жүсіповке берілді.

Еске салайық, финалдық жекпе-жекте Асадуллаев Жүсіповтің иығын қыршып тістеп алған болатын. Бұл жайт жарыстан кейін бір-ақ белгілі болды. Абылайхан осы сәттің видеосы мен тістеген орынның фотосын жариялағаннан кейін Қазақстан бокс федерациясы жарыс ұйымдастырушыларына шағымданды.

«Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар», - делінген ҚБФ таратқан ақпаратта.

Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам