Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Қазақстан Ресеймен футбол ойнаудан бас тартты – БАҚ

05.02.2024, 02:21

Ресей мен Беларусь құрамалары Әлем және Еуропа чемпионаттарына қатыса алмайды

Қазақстан Ресеймен футбол ойнаудан бас тартты – БАҚ
Қазақстан футбол федерациясы

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында футболдан Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында жолдастық кездесу болатыны жазылған еді. Алайда, ҚФФ вице-президенті Рохус Шох бұл ақпаратты жоққа шығарды деп жазады sport24.ru.

«Матч ТВ» аталған матч биыл маусым айында болады деп ресми хабарлаған.

«Ресеймен ойнайтынымыз туралы, шын айтсам, бірінші рет естіп тұрмын. Қазақстан құрамасының ойындар кестесі түзіліп қойған, онда Ресеймен жолдастық кездесу мүлдем жоқ. Ресей футбол одағымен де келіссөздер жүргізілген жоқ. Қазақстанның ойын кестесі өте тығыз, артық ойын өткізуге мүмкіндік жоқ», - деді Р.Шох.

Айта кетейік, наурыздың аяғында Қазақстан футболшылары Еуропа біріншілігіне жолдама үшін Грекия құрамасымен кездеседі. Бұл матчты жеңген жағдайда Люксембург – Грузия кедесуінің жеңімпазымен шешуші ойын өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам