Абдукодир Хусановтың атасы өмірден өтті
Өзбекстан құрамасы мен «Манчестер Сити» қорғаушысы Абдукодир Хусановтың атасы Хусан Хошимов өмірден өтті.
Қайғылы жағдай туралы Ташкенттің «Бунёдкор» клубының баспасөз қызметі хабарлады. Хусан Хошимов клубтың U-19 командасының бас бапкері Хикмат Хошимовтың әкесі әрі Абдукодир Хусановтың атасы болған.
«Хикмат Хошимовтың әкесінің дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Марқұмның жатқан жері жайлы болсын», – делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, Абдукодир Хусановтың әкесі Хикмат Хошимов футболдағы мансабын 1990-жылдардың ортасында Ташкенттің МХСК клубында бастаған. Кейін «Согдиана», «Локомотив», «Әндіжан» және Өзбекстанның басқа да командаларында ойнаған.
22 жастағы Абдукодир Хусанов қазір «Манчестер Сити» сапында 45-нөмірмен өнер көрсетеді. Ол Англия Премьер-лигасында ойнаған алғашқы өзбекстандық футболшы атанды.
Қорғаушы «Манчестер Ситиге» 2025 жылдың қаңтарында ауысып, кейін команданың негізгі құрамынан өз орнын тапты.