Жаңа шығарылым! Қонақта Есен Елеукен ағамыз! EURO-2024

Қазақстан құрамасы Армениядан тағы да жеңілді

07.06.2024, 23:08

Біздің команда армяндарды 2007 жылдан бері жеңе алмай келеді

Қазақстан құрамасы Армениядан тағы да жеңілді
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасы Армениямен болған жолдастық кездесуде жеңіліп қалды. Аяқасты бас бапкерсіз қалған біздің команданы Магомед Адиевтің көмекшісі болған Руслан Балтиев Ереванға бастап барды. Дегенмен, оның қойған тактикасы жеңілістен сақтап қала алмады.

Матч бастала салысымен Армения шабуылға лап қойды. Небәрі төртінші минутта қапталдан шығарылған допты кері қайтармақ болған Марочкин автогол авторы атанса, екінші таймда Бичахчян Шацкий қақпасына екінші голды соқты.

Ойынның негізгі уақыты осы 2:0 есебімен аяқталған. Төреші қосқан төрт минутта Қазақстан шабуылын жиілетіп, 90+4 минутта пенальти тебуге мүмкіндік алды. 11 метрлік айып добын Бауыржан Исламхан дәл орындап, таблодағы көрсеткішті 2:1-ге жеткізді. Матч осы есеппен аяқталды.

Енді 11 маусымда Қазақстан футболшылары Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын нейтралды алаңда өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Арменияны соңғы рет 2007 жылы жеңген. Содан бері өзара бес рет ойнап, төртеуінде жеңілді, бірінде тең ойнады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам