«Тобылдың» «Атыраудан» ойсырай жеңілуі сенсация емес – Павел Евтеев

20.06.2024, 16:34

Атыраулықтар Кубок финалында «Ақтөбемен» өзара мықтыны анықтайды

Атырау ФК

Қазақстан кубогы аясында өткен «Атырау» мен «Тобыл» арасындағы ойында қостанайлық клуб қарсыласынан ойсырай жеңілген еді (0:4). Осыған байланысты ұлттық құраманың экс-ойыншысы Павел Евтеев пікір білдірді.

Оның сөзінше, атыраулықтардың ірі есеппен жеңіске жетуі ешқандай сенсация емес.

«Матч нәтижесі күтпеген жағдай болып көрінуі мүмкін. Бірақ “Тобылдың” соңғы уақытта қалай ойнайтынын ескерсек, бұл есеп таңқаларлық жағдай емес. Атыраулық команда өзінің мінезін көрсетіп, ойын барысын бақылауда ұстады. Лайықты жеңіс болды. Бұл команданың Қазақстан кубогының финалына алғаш рет шығуы емес әрі бәсекеге қабілетті ұжым екені көрінеді», - дейді Евтеев.

Осыған дейін «Тобыл» клубының тең төрағасы Әлімжан Қалдияров команда жеңілісін ауа-райының қолайсыздығы себеп болды деп, желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кубогының жартылай финалында «Атырау» өз алаңында «Тобылды» 4:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына жолдама алған болатын. Енді олар кубок үшін таласта ақтөбеліктермен күш сынасуға мүмкіндік алды.