Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

58 жастағы спортшы Олимпиадаға барудан үмітті

30.06.2024, 18:18

Мишель Рол араға біраз жыл салып спортқа қайта оралды

58 жастағы спортшы Олимпиадаға барудан үмітті
Sports.ru

АҚШ-та спорттық жүрістен олимпиадалық іріктеуде 58 жастағы әйел үздік үштікке енді.

Мишель Рол карьерасын 1992 жылы бастаған. 1992, 1996 және 2000 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан. Афина олимпиадасында бақ сынай алмай, сонан соң карьерасын аяқтаған.

Бірақ араға біраз жыл салып спортқа қайта оралды. Бұл жолғы іріктеуде Мишель 20 шақырымды 1 сағат 42.27 минутта жүріп өтті. Оның алдын тек екі қыз орап кеткен.

Дегенмен үшінші орын алған ол Парижге бара алмайды, себебі Рол нормативті орындамаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам