Максимнің клуб ауыстыратыны туралы ақпарат биыл бірнеше рет айтылған
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ақтөбе» клубының шабуылшысы Максим Самородов жақында клуб ауыстыруы мүмкін.
«Kazakh_football_inside» телеграм-каналының жазуынша, футболшыға Польшаның «Ягелония» клубы қызығушылық танытып отыр. Егер келіссөздер оңтайлы жүргізілсе, Самородов жаңа маусымда Польшада доп теуіп қалуы әбден мүмкін.
Максим 2002 жылы дүниеге келген. 22 жастағы футболшы «Ақтөбе» клубының тәрбиеленушісі. Ол 2019-2022 жылдары «Ақтөбе Жастар» сапында ойнаса, кейін негізгі құрамға қосылды. 2021 жылдан бері ұлттық құрамаға шақырту алып, 17 ойында 3 рет гол соқты.