Өзбекстандық футболшы сирек кездесетін дерттен қайтыс болды

Редактор
28.08.2024, 11:57

Ол тәжік және өзбек чемпионаттарында ойнаған

Podrobno.uz

Өзбекстандық футболшы Сайриддин Гаффоров сирек кездесетін аурудан 34 жасында көз жұмды. Бұл туралы «Худжанд» футбол клубы мәлімдеді.

«Гаффоров әріптестері мен жанкүйерлерінің есінде еңбекқор, қарапайым спортшы ретінде қалды. Алаңда алған ауыр жарақатына қарамастан ол күресті тоқтатқан емес, өз жанкүйерлерін өнерімен қуантуға тырысты», - делінген мәліметте.

Ол Тәжікстанның «Регар-ТадАЗ», «Равшан» (Куляб), «Хосилот» және «Худжанд» клубтарында ойнады. Бұдан бөлек Өзбекстанның клубтарында да өнер көрсетті. Оған екі рет Тәжікстанда, үшінші рет Өзбекстанда операция жасалды.

Гаффоров сирек кездесетін дертке шалдыққан еді. Дәрігерлер оған амиотрофиялық бүйірлік склероз деген диагноз қойған. Дерт футболшыны біртіндеп сал адамға айналдырып, қозғалу және сөйлеу мүмкіндігінен айырды.

Амиотрофиялық бүйірлік склероз – бұл ми мен жұлынның моторлы нейрондарына әсер ететін ауыр нейродегенеративті ауру. Нәтижесінде бұлшықеттер біртіндеп атрофияға ұшырайды, бұл мотор функцияларының қызметінің тоқтауына әкеп соғады. Бұл дерт көбіне 30-50 жас аралығындағы адамдарда, әсіресе ер адамдарда, футболшыларда кездеседі.

Сайриддин Гаффоров 1990 жылғы 29 тамызда Өзбекстанның Сурхандария облысының Сары-Ассы ауданында дүниеге келген. Футболдық карьерасын «Шурчи» командасынан бастаған. Сонымен қатар ол «Шуртан», «Динамо Самарканд», «Андижан», «Сурхан» секілді клубтарда ойнаған. Оның артында үш баласы қалды.

Материалда: