Мен Кержаковты балағаттаған жоқпын – Боранбаев бас бапкердің отставкасы туралы

Редактор
04.09.2024, 10:28

Жеңіліске қарамастан «Қайрат» көш басында келеді

Instagram/kairat4

«Қайрат» футбол клубында небәрі үш айдан астам уақыт бас бапкер болған Александр Кержаков аяқасты отставкаға кетті. Бұған клуб басшысы Қайрат Боранбаевтың «Астанадан» жеңілістен кейін ресейлік маманды балағаттауы себеп деп жазды телеграм-каналдар.

Дегенмен, Боранбаев тараған бұл сыбысты жалға деп, отставканың себебін өзінше түсіндірді. Оның пікірін «Серый CARDINAL» телеграм-каналы таратты.

«Бұл – әрине біреудің ойлап тапқан жалған ақпараты. Мен ойыншылармен, олардың бапкерімен ешқашан бұлай сөйлеспеймін. Кержаков өзі өтінішін жазды, біз оны жібердік. Басқа алып-қосарым жоқ. Маусым соңына дейін бас бапкер қызметін уақытша Рафаэль Уразбахтин атқарады. Біз оған сенеміз», - деді Қ.Боранбаев.

«Астанадан» жеңілгеніне қарамастан «Қайрат» турнир кестесінің көшін бастап келеді. Клубқа биыл 70 жыл толады. Осыған орай Қайрат Боранбаев команда алдына ел чемпионы болу талабын қойып отыр.