Бүгін осы матчқа сарапта тағайындалып, талдау жүргізілген
Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 17-туры аясында «Астана» мен «Атырау» кездескен. Бұл матчқа төрелік еткен реферилер елорда клубының пайдасына екі пенальти белгілеп, бастары дауға қалды.
Бүгін осы матчқа сарапта тағайындалып, талдау жүргізілген еді. Бірақ төрешілер комитеті матчқа қазылық еткендер ақтап шықты. Осыдан кейін ҚФФ төрешілер департаментінің директоры Александр Перемитин қызметінен кетті. Оның орнына уақытша Елеш Құсайынов директор міндетін атқармақ.
22 тур қорытындысы бойынша «Астана» 43 ұпаймен турнир көшін бастады. Екінші орындағы «Қайратта» 41 ұпай бар. Премьер-лиганың аяқталуына 2 тур қалды.