Семейлік клуб биыл ҚПЛ-де кішігірім сенсация жасады
Семейдің «Елімай» клубы маусым аяқтала салысымен құрамын жаңартып жатыр. Команда әсіресе Қарағандыдан футболшы экспорттауға бейімделіп алды.
Өткен маусымда Жан Әли Пайруз, Роман Мұртазаев, Иван Свиридов, Михаил Габышев сияқты «Шахтерде» танылған ойыншылар семейлік жанкүйерлердің қошеметіне бөленген еді. Осы жолы командаға жартылай қорғаушылар – Абылайхан Назымханов пен Алмас Төлебай, қақпашы Егор Цуприков қосылды.
Айта кетейік, «Елімай» былтырғы мауымда Премьер-лигаға оралып, бесінші орын алған еді. Ал «Шахтер» өз тарихында алғаш рет Бірінші лигаға түсіп қалды. Осыдан кейін қарағандылық клубтың басшысы мен бас бапкері ауысып, команда құрамына жаңа ойыншылар қосылады деп күтілуде.