АҚШ-тағы UFC 300 турнирінде жойқын нокаут тіркелді (ВИДЕО)

Редактор
14.04.2024, 09:31

Әйгілі Гэтжи титулымен қоса абыройынан да айрылды

Getty Images

АҚШ-та өтіп жатқан UFC 300 турнирінде жеңіл салмақта октагонға шыққан америкалық Джастин Гэтжи (25-5) мен Макс Холлоуэй (26-7) арасындағы жекпе-жек жойқын нокаутпен аяқталды.

Бес раундқа жоспарланған кездесу бесінші раундтың соңғы секундтарында аяқталды. Матч бойы қос файтер ашық төбелеске бармағанымен, соңғы 10 секундта ауыр соққыларымен алмасты. Осы соққылардың бірі Гэтжидің жағына тиіп, ол талып түсті және ұзақ уақытқа дейін есін жия алмады.

Осылайша Холлоуэй Гэтжиден BMF титулын тартып алды. Олардың арасында реванштық кездесу бола ма, жоқ па – ол жағы әлі белгісіз.