Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Тоқал алдым» деп мақтанған «қазақ терминаторы» UFC-ге ауыспақшы

16.04.2024, 12:24

Ол 12 жеңістің 11-ін нокаутпен аяқтаған

«Тоқал алдым» деп мақтанған «қазақ терминаторы» UFC-ге ауыспақшы
Meta-ratings.kz

Еліміздегі танымал файтерлердің бірі Мұратбек Қасымбай ережесіз жекпе-жектен әлемдегі ең үздік лига – UFC-мен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Мұратбек октагонда 16 жекпе-жек өткізіп, оның 12-де жеңіске жеткен, оның 11-ін мерзімінен бұрын жеңген. Төрт рет жеңілген. Бірақ оған танымалдық поп-ММА арқылы келді. 

Айта кету керек, поп-ММА арқылы UFC-мен келісімшартқа отырғандардан әзірге тек «Шара Буллет» лақап атымен танымал Шарабудтин Магомедов бар. 

Мұратбек Қасымбай биыл «тоқал алдым» деп елден сүйінші сұраған еді. Бұған дейін ережесіз жекпе-жек шеберлерінен тоқал алғанын ашық мойындаған Жалғас Жұмағұлов болатын. 2021 жылы ол екі әйелінен 6 баласы бар екенін жеткізген.

Мұратбек Қасымбайдың лақып аты – «Қазақ терминаторы».

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам