Қазақстандық дзюдошының еншісінде қазір 3898 ұпай бар
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартқан әлемдік рейтингте Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова үздік бестіктегі орнын сақтап қалды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошының еншісінде қазір 3898 ұпай бар. Бұл көрсеткіш оған әлем рейтингінде бесінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.
48 келіге дейінгі салмақтағы үздік бестік:
Еске салсақ, Абиба Әбужақынова 2025 жылдың 20 қыркүйегінде өз салмағында IJF рейтингінің көшін бастаған еді. Ол жыл соңына дейін әлемнің бірінші нөмірі мәртебесін сақтап тұрды. Тіпті 2025 жылдың 24 желтоқсанындағы рейтингте 5096 ұпаймен көш басында болған.
Алайда 2026 жылдың көктеміндегі бірнеше турнирден кейін қазақстандық спортшы өз позициясын жоғалтып алды. Наурыз айында Австриядағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алғаннан кейін оның рейтингтегі көрсеткіші төмендей бастады.