Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Алматы облысында құзға өрмеушілерге арналған жаңа кешен ашылды

Бүгін, 12:33

Қазақстанның спорттық құзға өрмелеуден ерлер құрамасы әлемнің үздік ТОП-5 командасының қатарына енген

Алматы облысында құзға өрмеушілерге арналған жаңа кешен ашылды
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК базасында спорттық құзға өрмелеуге арналған жаңа скалодром пайдалануға берілді.

Спорттық нысанның ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысты. Олардың қатарында Халықаралық ату спорты федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, Еуропалық ату конфедерациясының (ESC) президенті Александр Ратнер, Болгария ұлттық олимпиада комитетінің президенті Весела Лечева және Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті Нұрсұлтан Шоқанов бар.

Жоба спортшылардың кәсіби дайындығын күшейтіп қана қоймай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды нысан саналады. Жаңа скалодром отандық спортшыларға жыл бойы халықаралық стандарттарға сай жаттығуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қазақстанның спорттық құзға өрмелеуден ерлер құрамасы әлемнің үздік ТОП-5 командасының қатарына енген.

Жаңа спорт нысаны елімізде құзға өрмелеу спортын дамытуға тың серпін беріп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге негіз болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам