Жапонның екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған дзюдошысы Қарағандыға келеді

Редактор
22.04.2024, 16:48

Ол қазақ жастарына шеберлік сағатын өткізбек

IJF

Дзюдодан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Оно Сохэй Қазақстанға келетін болды. 73 келіде Рио және Токио Олимпиадасында топ жарған даңқты спортшы Қарағандыда 8-9 мамыр күндері жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізуді көздеп отыр.

Еліміздегі «Жеңіс» кәсіби клубының шақыруымен кеншілер қаласына келе жатқан Қ.Байшолақов атындағы спорт сарайына табан тірейді.

Айта кетейік, Оно 2021 жылы кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол өз елінде өткен Олимпиада ойындарынан кейін татамиге шықпады. 73 келіде 2013, 2015, 2019 жылдары әлем чемпионы атанған спортшы ерекше салқынқандылығымен бірден көзге түсетін. Спорттағы белдесулерінің басым көпшілігінде жеңіске жеткен оның бұл шешімі дзюдо жанкүйерлеріне ауыр тиген еді. Алайда, спортшы кейін дзюдоны насихаттауға үлес қосып, әлемнің көптеген елдерінде шеберлік сағаттарын өткізіп жүр.

Тағы бір маңызды оқиға, Оно 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Сол жолы ол финалда өзінің отандасы, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Рики Накаяны ұтқан еді.