Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Енді букмекерлік кеңселерді тек спорттық басылымдарда ғана жарнамалауға болады

22.04.2024, 17:07

Букмекерлердің жарнамасын жасағандар қатаң жазаланады

Енді букмекерлік кеңселерді тек спорттық басылымдарда ғана жарнамалауға болады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық блогерлер енді букмекерлік платформалар мен онлайн-казиноларды жарнамалай алмайды. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, блогерлерге де, өзге қазақстандықтарға да букмекерлік кеңселер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салынады.

«Енді ешқандай танымал блогер не қазақстандық әлеуметтік желілерде букмекерлік конторалар мен казиноларды жарнамалай алмайды. Олардың мұндай құқығы жоқ. Ол үшін 60 АЕК (2024 жылы 221 520 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған», - деді Бейсенбаев Мәжілістің пленарлық отырысында.

Ол блогерлер спорттық іс-шараларға бара алатынын, бірақ букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалай алмайтынын тілге тиек етті.

Жарнама тек спорттық объектілер, спорттық бағыттағы сайттар, телеарналар мен спорттық іс-шараларда ғана рұқсат етіледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам