Данияр Шамшаев өзбек дзюдошысынан жеңіліп, жүлдеден үмітін үзді

Редактор
29.07.2024, 14:46

Жекпе-жек тағдыры матч аяқталуға небәрі 2 секунд қалғанда шешілді

olympic.kz

Дзюдодан Париж Олиимпиадасында 73 келіде өнер көрсеткен қазақ балуаны Данияр Шамшаев жарысты ерте аяқтады. Бірінші белдесуінде жерлесіміз өзбек Муроджон Юлдошевтен жеңілді.

Белдесу тағдырын нақты күрес әдісі емес, ескертулер шешті. Қатарынан үш шидо алған Шамшаев енді жекелей сында өнер көрсете алмайды. Ал, оның қарсыласы 1/8 финалда күшін сынап көрмек. Айта кету керек, Даниярға үшінші ескерту негізгі уақыттың аяқталуына небәрі 2 секунд қалғанда берілді.

Шамшаев Grand Slam санатындағы турнирлердің жүлдегері. Әлемдік рейтингте ол 19-сатыда тұр. Ал, оның қарсыласы Муроджон Юлдошев – әлем чемпионатының қола және Азияның күміс жүлдегері, әлемдік рейтингтегі орны – 7.

Енді Данияр командалық сында бақ сынауы мүмкін.