Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бір айдай асқазаным ауырып жүрді». Шамшаев өзбек балуанынан жеңілуінің себебін түсіндірді

29.07.2024, 17:30

Данияр Олимпиаданың алғашқы айналымында өзбек балуанына есе жіберді

«Бір айдай асқазаным ауырып жүрді». Шамшаев өзбек балуанынан жеңілуінің себебін түсіндірді
ҰОК

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Данияр Шамшаевтың жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

«Данияр алғашқы кездесуі болғандықтан, басында біраз қобалжыды. Сол үшін ұзақ тұрып қалды. Бірінші ескертуін сол үшін алды. Өзбек дзюдошы үш-төрт рет шабуыл жасады. Екінші шидосында екеуі де шабуылдап жатқан. Сөйте тұра тағы ескерту берді. Екі секунд қалғанда үшінші шидоны берді. Негізі бұл жерде ескертуді беруге де, бермеуге де болатын еді, Олимпиада болғандықтан шығар, осындай шешім қабылдады. Кездесуден кейін Данияр екеуміз талқыладық. Ол голден скорға дайындалғанын айтты. Голден скорда әдіске саламын деп тұрған екен», - деді бас бапкер.

Ал Шамшаевтың өзі тыңғылықты жаттығу жасай алмағанын алға тартты.

«Мен Олимпиада ойындарына толық дайындықсыз келдім. Оқу-жаттығу жиындарым аз болып қалды. Олимпиада алдында бір айдай асқазаным ауырып, көп уақытымды емделуге жіберіп алдым. Алда әлі талай додалар бар ғой, бұл Олимпиадада жолым болмады. Бір сәтсіздік бір сабақ дегендей, болашақта еліміздің намысын абыроймен қорғаймын деп ойлаймын», – деді Шамшаев ҰОК баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Данияр Олимпиаданың алғашқы айналымында өзбек балуанына есе жіберіп, жарысты алғашқы айналымда аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам