Қазақстандық жеңіл атлет жарыстан шеттетілді

Редактор
06.08.2024, 15:14

Давид Ефремов жұбаныш айналымына қатысқан болатын

Сали Сабиров

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Давид Ефремов Париж Олимпиадасын аяқтады.

Бүгін Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жұбаныш айналымына қатысқан болатын. 

Өкінішке қарай, қазақстандық атлет фальстарт жасағаны үшін жарыстан шеттетілді. Осылайша, Давид Ефремов Олимпиада ойындарын аяқтады.