Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстандық ескек есушілер ширек финалда бақ сынайды

06.08.2024, 15:37

Алғашқы сайыста қазақстандық спортшылар мәре сызығын соңғы болып кесті

Қазақстандық ескек есушілер ширек финалда бақ сынайды
Владислав Семенов

Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының өкілдері Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий Париж Олимпиадасының алдын ала кезеңінде сынға түсті.

Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий дуэті байдаркамен 500 метрге жарысудан бақ сынады. Бес жұп қатысқан сайыста қазақстандық спортшылар мәре сызығын соңғы болып кесті. Олардың уақыт көрсеткіші – 1 минут 38,62 секунд. 

Үздік нәтиже көрсеткен екі жұп жартылай финалға тікелей жолдама алды. Ал Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий ширек финалда бақ сынайды. 

Айта кетейік, қазақстандық дуэт Токиода (Жапония) өткен іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының лицензиясын ұтып алған еді. Осыған дейін байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының спортшылары Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов, сондай-ақ Мария Бровкова мен Руфина Искакова Париж Олимпиадасының жартылай финалына тікелей жолдама ала алмады. Олар да ширек финалға қатысады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам