Талдықорғандық қыздар қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді
Волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Шешуші финалдық матч Өскеменде жергілікті «Берел» мен талдықорғандық «Жетісу» арасында өтті.
Бұл кездесуде «Жетісу» сөзсіз фаворит саналды және өзінің атағын сақтап қалды. Матч төрт сетке созылып, 3:1 (21:25, 25:19, 25:12, 25:20) есебімен талдықорғандықтардың жеңісімен аяқталды. Осылайша жетісулық волейболшылар Қазақстанның тоғыз дүркін чемпионы атанды. «Берел» болса тиісінше күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ал, Солтүстік Қазақстанның «Қуаныш» клубы үздік үштікті түйіндеп отыр. Олар қола жүлде үшін ойында Түркістан облысының «Тұран» клубынан екі кездесуде де басым түсті. Тұран ел біріншілігінде 4-орынға тұрақтады.
XXXIII Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигадағы жалпы қорытындысы: