Жарнама
Жарнама

«Менің ойыныма тиімді»: Рыбакина Майами титулын көздеп отыр

Редактор
19.03.2026, 11:56

Елена Рыбакина Майами турнирін екінші айналымнан бастайды

championat.com

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирден не күтетінін айтты. Бұүл туралы Sports.kz жазды.

Теннисшінің айтуынша, Майами оған ерекше атмосферасымен ұнайды және бұл турнирге әрдайым жоғары мотивациямен келеді.

Бұл қалада жақсы мейрамханалар көп, уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік бар. Жалпы, Майамидің атмосферасы маған өте ұнайды. Мұндағы корттар Индиан-Уэллспен салыстырғанда жылдамырақ, бұл менің ойыныма тиімді. Мұнда болғаныма қуаныштымын. Бұған дейін екі рет титулға өте жақын болдым. Бұл маған қосымша мотивация береді, енді сол трофейді жеңіп алғым келеді. Әрине, турнир өте қиын болады, бірақ соңына дейін жету үшін бар күшімді саламын, — деді Рыбакина.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Майами турнирін екінші айналымнан бастайды. Ол 2023 және 2024 жылдары осы жарыстың финалына дейін жеткен.

Реклама
Реклама