Енді ол әлемнің 18-ракеткасымен кездеседі
Уханьдағы WTA 1000 санатындағы теннис турнирінің бірінші айналымындағы матч аяқталды. Әлемнің 32-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева рейтингте 250-ші орындағы қытайлық Чжан Шуайды жеңді.
Кездесу 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Матч 1 сағат 14 минутқа созылды. Путинцева үш эйс жасап, бір қате жіберіп, бес брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды. Оның қарсыласы бір эйс жасап, екі брейк-пойнттың біреуін жеңді.
Қазақстандық теннисші Уханьдағы турнирдің 1/16 финалында әлемнің 18-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездеседі.