Интернетте футболшыларды өткір сынайтын Қуат Хамитов Бауыржан Исламханның бетіне ешнәрсе айта алмады (ВИДЕО)

01.12.2023, 11:29

Екеуі тележобада жолыққан

Интернетте футболшыларды өткір сынайтын Қуат Хамитов Бауыржан Исламханның бетіне ешнәрсе айта алмады (ВИДЕО)
Чемпионат.ру

Қазақстандық MMA файтері Қуат Хамитов соңғы бірнеше жылдан бері қазақ футболшылары мен футбол шенеуніктерін аямай сынап келеді. Әлеуметтік желіде оның бұл тақырыпта жазған видеоүндеулері мен жазбалары жетерлік.

Қуат футболға мемлекеттен миллиардтаған ақшаның бөлуіне наразы. Ешқандай нәтиже бермейтін спортты қаржыландыруды тоқтату керек дейді ол өзінің мәлімдемелерінде. Тіпті, футболшыларды «қолынан б…қ келмейді» деп те ауыр айыптаған.

Жуырда ғана – Қазақстан құрамасы Словенияға жеңіліп, Еуропа чемпионатына бару жолдамасынан айрылғанда Хамитов тағы бірнеше мәлімдеме жасап үлгерді. Осы орайда әлеуметтік желіде танымал файтер мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның кездескен сәті тарап кетті.

Бұл видео осыдан бірер жыл бұрын түсірілгені анық, бәлкім одан сәл ертерек. Қойылым «Қызық таймс» жобасында болған. Жобаға қонаққа келген Қуат Хамитовті шоумендер орнынан тұрғызып, барлық талап-ьілегін, шағымын Бауыржанның бетіне айтуды ұсынады. Бірақ, Қуат ұялды ма, әлде жүрексінді ме, әлеуметтік желіде айтып жүрген сын-пікірін бетке басып айта алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?