Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Қазспорт» тек қазақша сөйлеуі керек – комментатор

15.10.2023, 00:23

Қазір аталған телеарна қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады

Қазақстанның спорт телеарналары, соның ішінде «Қазспорт» негізінен қазақ тілінде хабар таратуы керек. Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкаст барысында осылай деді.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарын тікелей эфирде көрсеткен «Қазспорт» телеарнасы хабарды қазақ және орыс тілдерінде таратқан болатын. Ал, «Қазақстан» ұлттық арнасы спорттық жарысты мемлекеттік тілде ғана көрсеткен.

«Бокс, күрес секілді спортты көретін аудитория негізінен қазақтілді. Орыстілді азаматтар Қоңқабаев жеңіліп қалыпты ғой деп күйіп-пісіп отырмайды. Қазір бұл мәселе пісіп жетілді, бұрындары араластырып көрсеттік, қазір тек қазақ тілінде сөйлеуі керек», - деді Е.Мәулен.

Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 10 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 11-орынды иеленді. Бұрын-соңды мұндай төмен нәтиже тәуелсіз Қазақстан тарихында тіркелмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам