Қашанғы футбол мен бокс туралы айта береміз?! Бүгін велоспорт жайлы әңгіме қозғадық. Подкаст қонағы – белгілі журналист, велоспортты жақсы білетін Дина Тұрарқызы.
Велоспорт дегенде, алдымен Александр Винокуров еске түседі. 2006 жылы мәртебелі Вуэльта көпкүндігінің жеңімпазы атанған, 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңімпазы атанған.
Дина Тұрарқызы 2012 жылы жасы 39-ға келген Александр Винокуровтан ешкім жүлде күтпегенін айтты. Тіпті, мәреге бірінші болып жеткен спортшыны қарсы алғандардың арасында қазақстандықтардан ешкім болмаған. Қолына Туымызды ұстатып, қуанашын бөлісетін бірде-бір отандасы жанынан табылмаған.
Олимпиададан оралған соң сол кездегі Спорт және туризм министрі Талғат Ермегияев даңқты велошабандоз Александр Винокуровтан кешірім сұраған.
Енді алда Париж олимпиадасы келе жатыр. Төрт жылда бір келетін дүбірлі доданың басталуына 200 күн ғана қалды. Парижде велошабандоздарымыз жүлде сала ала ма? Алексей Луценко бабында ма? Ұстазының жолын қайталай ала ма? Азия ойындарында атой салған Евгений Федоров олимпиада жүлдесінен үміткерлер тізіміне ене ала ма? Александр Винокуров неге "велоспорт деген – лотерея" дейді. Себебі, велоспортта жеңімпаздың кім болатынын болжау өте қиын.