Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Бостон Селтикс» NBA плей-офф кезеңінің финалына шықты (ВИДЕО)

28.05.2024, 09:19

Соңғы рет олар 2008 жылы чемпион атанған болатын

«Бостон Селтикс» NBA плей-офф кезеңінің финалына шықты (ВИДЕО)
Getty Images

Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) биылғы маусымдағы жеңімпазы анықталуға жақын. Бүгін плей-офф кезеңінің алғашқы финалисі анықталды, ол – «Бостон Селтикс».

Жартылай финалдық кездесуде «Индиана Пейсерспен» жолы түйіскен бостондық команда қатарынан төрт ойында да жеңіске жетті. Бүгін өткен соңғы матчта 105:102 есебі тіркелді.

«Селтикс» соңғы рет финалға 2022 жылы шыққан. Алайда, ол кезде «Голден Стэйт Уорриорз» жолын кесті (2:4). Жалпы, бостондықтар NBA тарихында ең көп чемпион болған командалардың бірі, олардың еншісінде 17 титул бар. Соңғы рет команда 2008 жылы NBA чемпионы атанған.

Плей-офф кезеңінің екінші финалисі 29 мамырға қараған таңда анықталуы мүмкін. Өйткені бұл ақтық сын жолдамасы үшін таласып жатқан «Даллас Маверикс» пен «Миннесота Тимбервулвз» арасныдағы есеп 3:0-ге жетті. Далластық команда осы жолы жеңсе финалға шығады.

Еске салайық, NBA-ның соңғы фемпионы – «Денвер Наггетс» командасы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам