Оны смартфонындағы геолокация функциясы ұстап берген
Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) бұрынғы ойыншысы әрі «Бостон Селтикс» сапында лига чемпионы атанған Глен Дэвис алаяқтық жасады деп айыпталып, 40 айға түрмеге қамалды.
Дэвиске NBA-ның бұрынғы ойыншыларының медициналық сақтандыруына байланысты алаяқтық жасады деген айып тағылған. Глен басқа баскетболшылармен бірге кезінде өздері бас тартқан медициналық, стоматологиялық қызметтерге өтемақы төлеуді талап еткен көрінеді.
«Дэвис жалпы сомасы 132 мың доллар өтемақы сұратты. Бұдан бөлек өзі 2018 жылғы 2 қазанда Беверли-Хиллзде 27 мың долларға стоматологиялық қызмет алғанын мәлімдеген еді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның телефонындағы геолокацияның көмегімен спортшының бұл уақытта басқа жерде болғанын анықтады», - деп жазды USA Today.
Осы уақыт аралығында ол қаржылық менеджмент сабақтарына және есірткіге тәуелділікті міндетті емдеу курстарына қатысады.
Дэвис NBA-да «Бостон Селтикс», «Орландо Мэджик» және «Лос-Анджелес Клипперс» клубтарында өнер көрсетті.