Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

NBA-ның ардагері Джеймс Леброн 39 мың ұпай жинаған тарихтағы алғашқы баскетболшы атанды

22.11.2023, 15:08

Оның бұл рекордын жақын уақытта ешкім жаңарта алмауы мүмкін

NBA-ның ардагері Джеймс Леброн 39 мың ұпай жинаған тарихтағы алғашқы баскетболшы атанды
Getty Images

NBA-ның кезекті туры аясында Лос-Анджелес Лэйкерс өз аренасында «Юта Джаз» командасымен кездесіп, 131:99 есебімен жеңіске жетті.

Аталған ойында ең көп ұпайды «Лэйкерстің» ең бойшаң форварды Энтони Дэвис жинады. Оның еншісінде 26 ұпай, 16 тартып алу және төрт нәтижелі пас бар. Оның командаласы Д’Анджело Рассел болса 20 ұпаймен екінші орында. «Лэйкерстің» тағы бес ойыншысы 10 ұпайдан жоғары жинап, өз рекордтарын жақсарта түсті. Олардың қатарында NBA-ның ардагері 39 жастағы Джэймс Леброн да бар. Ол 17 ұпай жинап, әлемдік рейтингтегі позициясын нығайта түсті.

Айта кетейік, NBA тарихындағы ең үздік сұрмергендер көшін Леброн бастап келеді. Бүгінгі матчтан кейін оның еншісінде 39 012 ұпай болды. Екінші орындағы Карим Абдул-Джаббарда (1969-1989 жылдары ойнаған) 38 387 ұпай бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам