44 матчтың 42-де жеңілген «Астана» баскетболшылары лиганы соңғы орынмен аяқтады

Соңғы ойында да астаналықтар өз жанкүйерлерін қуанта алмады

БК "Астана"
БК "Астана"

ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы жеңілістен көз ашпаған қалпында маусымды аяқтады. Соңғы турда елорда ұжымы Санкт-Петербургтің «Зенит» клубымен кездесті.

Глеб Плотников шәкірттері өз алаңындағы ойында ірі есеппен жеңілді. Қорытынды есеп – 67: 101.

«Астана» сапынан Ти Джей Старкс – 26 ұпай, Валерий Симонов – 7, Асқар Майдекин – 6, Илья Пестов – 5, Вадим Щербак – 3 ұпай жинады.

Осылайша, елордалық команда ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатын 12-орынмен аяқтады. Өзі лигада 12 команда болған. Команда 44 матчтың 42-сінде жеңілді.

ВТБ Бірыңғай лигасы. 44-тур:

«Астана» - «Зенит» -  67:101 (16:20, 24:23, 9:32, 18:26).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам