
Команда 40 ойынның 38-де жеңілген
ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсетіп, соңғы маусымда жеңілістен көз ашпаған «Астана» баскетбол клубы басшысын ауыстырады. Бас директор қызметін атқарып келген Самсон Аракелян отставкаға кететінін мәлімдеді.
Қызметінен кететіні жайлы мәліметті Аракелян өзінің Instagram-парақшасында жазған. Ол аталған лауазымға 2022 жылы тағайындалып, содан бері клуб ешқандай жетістікке жете алмады.
«Менің ұстанымдарыма сәйкес келмейтін жағдайларға байланысты жақын арада «Астана» командасынан кетемін деп шештім. Осы 2,5 жыл уақытымды осы клубта өткізгеніме құдайға шүкір. Біз жасаған барлық өзгеріс қазақ баскетболына пайдасын тигізетініне сенімдімін», - бас директор Самсон Аракелян.
Естеріңізге салайық, «Астана» баскетбол командасы осы маусымда клуб тарихында бұрын соңды болмаған антирекорд орнатты. БТБ Бірыңғай лигасында елордалық клуб маусым басталғалы 40 ойын өткізіп, нәбәрі 2 рет жеңіп, 38 мәрте ойсырай жеңілді.