Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Астана» баскетбол клубы тағы да жеңіліп қалды

15.01.2024, 09:11

Бұған дейін жерлестеріміз сырт алаңда «Парма» клубынан жеңілген еді

«Астана» баскетбол клубы тағы да жеңіліп қалды
sports.kz

ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы сырт алаңда Екатеринбург қаласына барып, кезекті рет жеңіліп қалды.

Жергілікті «Уралмаш» командасымен кездескен астаналықтар тартысты ойын көрсете білген. Алғашқы кезеңді жеңген Олег Киселев шәкірттері қалған үш кезеңде есе жіберді. Нәтижесінде 74:71 есебі тіркеліп (16:21, 20:18, 17:14, 21:18), қазақстандық команда маңызды ұпайын тағы жоғалтты.

«Астана» сапынан ең нәтижелі ойынды Андерсон Карвел көрсетті, оның еншісінде – 21 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін жерлестеріміз сырт алаңда «Парма» (Пермь) клубынан жеңіліп қайтқан болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам