Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Баскетболдан ұлттық құрама 17 жыл бұрынғы нәтижесіне әлі жете алмай жүр – Спорт министрі

17.01.2024, 16:57

Қазақстан баскетболшылары бірде-бір рет әлем чемпионатына қатысып көрмеген

Баскетболдан ұлттық құрама 17 жыл бұрынғы нәтижесіне әлі жете алмай жүр – Спорт министрі
nbf.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев Баскетбол федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесіп, жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты.

Федерация басшылығы баскетболдан ұлттық құрамалардың былтырғы нәтижесін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспарын таныстырған болатын.

Баскетболдан Қазақстан құрамасы былтыр Қытайдағы Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтай алмай, үздіктер қатарынан көріне алмады. Сондай-ақ, ерлер арасындағы 5х5 құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу жарыстарында сәтсіз өнер көрсетіп, жолдамадан құр қалды. Ал 3х3 баскетболы бойынша әлі бір іріктеу жарысы барын ескерсек, олимпиадалық іріктеу бәсекесінде топ жарған команда ғана лизенцияға иелік етпек.

«Баскетбол – әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі. Бүгінде елімізде 400 мыңнан аса адам осы спорт түрімен шұғылданады. 16 облыстағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 156 бөлімше жұмыс істейді. Статистика бойынша жыл сайын баскетболмен айналысатындардың саны артып жатқанымен, ұлттық құрманың нәтижесі төмендеп барады. Тәуелсіздік жылдарындағы Азия чемпионаттарының нәтижесіне көз жүгіртер болсақ, 5х5 баскетболдан әйелдер құрамасы ешқашан үздік 5 команданың қатарына енбеген. Ерлер арасындағы 5х5 баскетболдан Қазақстан құрамасы бірде-бір рет әлем чемпионатына қатыса алмады. Азия чемпионаттарындағы ең үздік нәтиже – 4-орын. Оның өзі 2007 жылғы көрсеткіш», - деді Ермек Маржықпаев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам