Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Әзірбайжан vs Қазақстан: есепті дәл табатын сарапшы тағы болжам жасады

10.06.2024, 11:44

Ол аталған матчта Қазақстан құрамасының жеңіске жететініне сенбейді

Әзірбайжан vs Қазақстан: есепті дәл табатын сарапшы тағы болжам жасады
Қазақстан футбол федерациясы

11 маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрияның Сомбатхей қаласында Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді. Осы матчтың қандай нәтижемен аяқталатынын Qazsport арнасының редакторы, футбол сарапшысы Айбек Намазбаев болжады. 

Айта кетейік, ол бұған дейін Армения мен Қазақстан арасындағы ойынның есебін дәл тапқан еді.

- Армениямен өткен жолдастық кездесуде есепті дәл тауып, Габышевті біраз сынға алғанымды сол ойыннан кейін түсінгендер бар болар. Әзірбайжан ол Армения емес. Олар өте жылдам ойын көрсетеді. «Астана Аренадағы» есені өз алаңдарында қайтарғанымен, әлі де бізге қарсы тістеніп ойнайтыны анық. 

Өткен ойында Самородов үздік өнер көрсетті. Келесі матчта да бұл жігітті негізгі құрамға шығару қажет. Еркін Тапалов шабуыл мен қорғаныс кезінде көп қателесті. Әлібек Қасымның дебюттік ойыны болды. Басында оңай болмайтыны анық. Сондай-ақ, Исламхан шыққаннан кейін біздің команданың тамырына қан жүгіріп, ойын жақсара бастағандай көрінді. 

Енді бұл – жолдастық кездесу, мұнда түрлі тәжірибе жасауға мүмкіндік бар. Алайда, жеңілмеудің амалын қарастыру керек. 

Айтпақшы, бұл ойында жаңа бас бапкер Черчесов мырза көреді екен. Әріптестеріміздің біріне Умаевқа қатысты: «мен үшін паспорт емес, оның ойыны маңызды» деген секілді пікір білдірген. Жігіттер егер ұлттық құрамада ойнағысы келсе аянып қалмауы тиіс.

Меніңше, 2:0 есебімен Әзірбайжан жеңеді. Сондықтан болжам сұрағандар болса, Әзірбайжанның жеңісін ала берсе болады. Букмекерлер олардың жеңісіне 2,33 коэффицент ұсынып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Армения мен Қазақстан арасындағы матчта қарсылас 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам