ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Маусым айындағы үздік жекпе-жектер: Қазақстандықтар кіммен кездеседі және кім титул үшін сынға түседі?

10.06.2025, 16:56

Маусымдағы жекпе-жектер күнтізбесі өте қызықты болады деп күтілуде. Olimpbet Arena 12 үздік кездесуді таңдап, әрбір спортшының статистикасын ұсынды. Бірнеше жекпе-жекке қысқаша тоқталып өтейік.

Маусым айындағы үздік жекпе-жектер: Қазақстандықтар кіммен кездеседі және кім титул үшін сынға түседі?
Фотот Olimpbet

13 маусым, Алматы: Фаниль Рафиков – Мариф Пираев.

Қазақстандықпен өтетін жекпе-жек ресейлік үшін бокстағы дебюттік кездесу болады. Сарапшылар ресейлік спортшының жеңісіне сенбейді. Дегенмен, екі спортшының қазіргі статистикасын ескеру керек.

15 маусым, UFC Fight Night: Камару Усман – Хоакин Бакли.

Бір кездері UFC чемпионы болған Камару Усман қазір жеңілістер сериясын жалғастыруда. Оның нокаут шебері Хоакин Баклидің жеңістер сериясын тоқтата алатынын жақында білетін боламыз.

21 маусым, UFC Бакуде: Джамал Хилл – Халил Раунтри.

Неліктен сарапшылар жартылай ауыр салмақтағы №4 емес, №7 спортшыны фаворит деп санайды? Әзербайжанда алғаш рет өтетін UFC турнирінің басты жекпе-жегінде керемет нокаутерлердің кездесуін күтеміз.

28 маусым, Oktagon 73: Жалғас Жұмағұлов титул үшін жекпе-жекке шығады.

Қазақстандық спортшы лигадағы алғашқы кездесуінен кейін бірден чемпиондық жекпе-жекке мүмкіндік алды. Қазіргі чемпион Бено Адамияға қарсы бұл кездесу Жалғас үшін оңай болмайды.

29 маусым, UFC 317: Илия Топурия – Чарльз Оливейра.

UFC жеңіл салмағында бос титулдың тағдыры осы кездесуде шешіледі. Оливейраның Топурияны жеңу мүмкіндігі қандай? Сарапшылардың пікірінше, бұл мүмкіндік өте аз. Спортшылардың статистикасы мұның себебін түсіндіреді.

Бұл – 2025 жылдың маусымында өтетін қызықты кездесулердің бір бөлігі ғана. Басқа алты жұптың құрамы туралы Olimpbet Arena сайтынан оқыңыздар. Олардың арасында UFC Бакуде ресейлік спортшымен кездесетін Азат Мақсұм да бар. Қазақстандықтың мүмкіндіктері қандай?

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам