ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстан құрамасының бас бапкерін қуантты

25.11.2025, 08:32

Өзбекстан құрамасының аға бапкері Рахмотжан Рузиахуновқа «Алтын адам» мүсіншесін табыстады

Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстан құрамасының бас бапкерін қуантты
©instagram.com/boxinguzbekistan_official/

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов өзбекстандық әріптесі Тулкин Киличевке сәлемдеме жеткізді. 

Қазір ұлттық құрама боксшылары Ташкентте бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Осы орайда Сәтжанов бастаған бапкерлер ұжымы өзбекстандық әріптестеріне құрмет көрсетіп, сыйлық табыстады. Қораптың Шығыс Қазақстаннан арнайы жеткізілгенін, оның ішінде өңірде өндірілетін өнім түрлері болған. 

Өз кезегінде Киличев алғысын айтып, екі елдің достығы арта беруіне тілектестік білдірді.

«Ливерпульде екі ел құрамалары алтынды өзара бөліп алды. Алдағы Олимпиада ойындарында да дәл солай болсын деп тілеймін!» - деді ол.

Сонымен қатар Өзбекстан құрамасының аға бапкері Рахмотжан Рузиахуновқа «Алтын адам» мүсіншесін табыстады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам