Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

IBA: Қырғызстан әлем чемпионаты алдында 10 бірдей боксшысынан айырылды

01.12.2025, 17:47

Себебі қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылғанына қарамастан, БАӘ виза бермеген

IBA: Қырғызстан әлем чемпионаты алдында 10 бірдей боксшысынан айырылды
www.flickr.com/photos/asbcboxing

3-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтетін IBA әлем чемпионатына Қырғызстанның он бірдей боксшысы қатыса алмайды.

Sport АКИpress дерегінше, федерация осындай мәлімдеме жасаған. Себебі қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылғанына қарамастан, БАӘ виза бермеген.

Федерация бастапқыда жарысқа 13 боксшы қатысатынын жариялаған еді, алайда виза тек екі спортшыға - Омар Ливаза (63,5 кг) мен Алмаз Орозбековке (67 кг), сондай-ақ бас бапкер Данияр Тологон уулуна ғана берілген. Қалған он боксшыға виза беруден бас тартылған.

Виза ала алмаған боксшылар тізімі:
Анваржан Ходжиев (48 кг), Мирлан Туркбай уулу (51 кг), Санжай Сейдакматов (54 кг), Рыспек Бектенов (60 кг), Ихтияр Нишонов (71 кг), Сыргак Абдыжапар уулу (75 кг), Омурбек Бекжигит уулу (80 кг), Эркин Адылбек уулу (85 кг), Бакыт Токтосун уулу (92 кг) және Мырзакир Кошалиев (92+ кг).
Қырғызстан бокс федерациясы 46 елдің спортшылары осыған ұқсас қиындыққа тап болғанын атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам